Балтабай Уажитұлы Мекежанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балтабай Уажитұлы Мекежанов (1963 жылы туған, Павлодар облысы) - белгілі дінтанушы ғалым. 1990 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультеттінің араб бөлімін бітірген (1990 ж.). Университетте оқып жүріп 1988-89 ж. Үрдін Хашимиттік Корольдігінің Айман университетінде тіл ұстарту практикасынан өтті. 1990 - 95 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Шығыстану факультетінің араб кафедрасында ұстаздық қызметте болып, 1995 жылдан сол жерде ашылған «әл-Фараби ғылыми-зерттеу орталығында» жетекші маман ретінде бірнеше жыл ғылыми-зертттеу жұмыстарымен айналысты. 2005 жылдан ҚМБД-ның діни уағыз және оқу-ағарту бөлімше референт қызметіне ауысты. 2006 жылдан ҚМДБ Бас мүфтидің жалпы мәселелер бойынша кеңесшісі. 2007 - 2010 ж. ҚМДБ-ның аппарат басшысы болып, ҚМДБ-ның қажылық істерін басқарды. «Діни экстремизмнің дүниетанымдық негіздері» атты тақырыпта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Зерттеу тақырыбы төңірегінде бірнеше мақалалар жазып, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысты. Ислам діні негіздерінен білімін жетілдіру мақсатында Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінде дәріс алып, білімін ұштауда. Сауд Арабиясында бірнеше рет болып, қажылық парызын өтеген.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub