Балжан Елубайқызы Xабдина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Xабдина Балжан Елубайқызы1955 жылы 16 қарашада Көкшетау облысының Бурабай кентінде дүниеге келген. <ref> "Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері", Анықтамалық,"Білім" баспасы, Алматы, 2005 ж., ISBN 9965-09-134-Х1981-89 </ref>. 1978 жылыҚазМУдың журналистика факультетін бітірген.

1978-1981 жж. облыстық "Көкшетау правдасы" газетінде тілші. 1981 жылдан бастап баспа саласында істейді. 1981 -1999 жж. "Өнер" баспасында редактор, аға редактор, 1999-2005 жж. "Ғылым" ғылыми баспа орталығында жетекші редактор болып еңбек етті.

Қазір "Жібек жолы" баспа үйінің бас редакторы. "Жылдын тандаулы редакторы" республикалық конкурстарында бірнеше мәрте үздік редактор атанған.

Балаларға арналған "Жезкиік" атты кітаптың авторы. Бірнеше жинақтар құрастырып, "Атамекен", "Қаныш елі", "Жетісудың көне қазыналары", "Туған қалам Алматы", т.б. кітапальбомдарды қазақ тіліне аударған. "Баспа және полиграфия ісінің кайраткері" құрмет белгісімен марапатталған.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}