Бала құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бала құқықтарын қорғаудың арнайы халықаралық тетіктері мен құралдары бар. БҰҰ-ның жанында Балалар қоры (ЮНИСЕФ) құрылған, ол бүгінгі таңда балаларға халықаралық көмек көрсетудің басты тетігі болып отыр.

Бала құқықтары туралы Конвенцияны жүзеге асыру үшін БҰҰ Бала құкықтары жөніндегі комитетті құрды. Конвенцияға қатысушы мемлекеттер Комитетке оның қағидалары мен ережелерін қалай жүзеге асырып жатқандары туралы ұдайы баяндама жасап, ұсынып отырады.

Қазақстанда С. А.Назарбаеваның басшылығымен “Бөбек” балалар қоры құрылған, ол бала құқықтарын қамтамасыз етумен айналысады.<ref>Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет. ISBN 9965-36-002-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}