Бала күтімі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бала күтімі - нәрестені кіндігі түскеннен кейін 40 күнге дейін кезек-кезек тұзды су мен сабын суда (аз ғана тұз салынған жылы су, су міндетті түрде қайнатылған болуы керек) шомылдырады. Шомылдырып болған соң анасы қойдың майымен аз мөлшерде ғана қолын шылап алып, белгілі бір тәртіппен баланың аяқ-қолын созып, сылап-сипайды.

Егер баланың жауырыны жабысса, бала шыңғырып жылап, ұйықтай алмайды. Мұндайда қолы епті әжелер ем жасап, баланың жабысқан жауырынын ажыратады. Нәрестенің (қыз, ұл) омырауына жиналған сары суды сығып шығарады. Тәжірибелі әжелердің айтуынша, осы сары су сығылмай денесіне тарап кетсе, бала ересек болғанда бойынан қолаңса иіс шығады. Сондықтан баланы шомылдырғанда міндетті түрде осы әдетті қайталап отырады. Бұл кезде бала қатты жылайды, кейде баланың бұлай жылауы да баланың тыныс мүшелеріне және миының демалуына жақсы әсер етеді. Бала есейе келе оны ұзақ уақыт күлдіріп ойнатқанның да дәл осындай пайдасы бар екенін байырғы орта ескеріп отырған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бала күтімі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}