Балақұлболды

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Балақұлболдықола дәуірінің орта және соңғы кезеңінен сақталған зираттар, Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Қарқаралы тауының батысында орналасқан.

Сипаты

1969 жылы Ә.Х. Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы 20-ға тарта нысанды қазған. Балақұлболды қорымында 200-ге жуық дөңгелек, төртбұрышты, шаршы қоршаулар бар. Қазылған қоршаулардың ортасында үлкен плиталардан құрастырылып, батыстан шығысқа қарай бір-бірімен жапсарлас жұптастырыла қойылған тас табыттар сақталған. Ондағы мүрделер тізелерін бүгіп, оң бүйіріне жатқызылған. Отырғызып жерлеу әдісі де қолданылған.
Қатты тоналған қоршаулардан, негізінен, қыш үлгілері алынды. Балақұлболды-2 тобындағы 10-қоршаудан табылған адамның жамбас сүйегіне қадалып тұрған қоладан құйылған жебе ұшы — көне соғыс құралынан хабар берер дерек. Балақұлболды-3 тобындағы пішіні шаршылау (5,6х5 м, биіктігі 1,1 м), тастан қаланған, ортасына тас ошақ, айнала биік сынтастар (меңгірлер) орнатылған құрылыс – от жағып, діни ғұрыптар өткізетін арнаулы орын болған.<ref> Қазақ энциклопедиясы, 2 том; </ref>

Әдебиет

  • Маргулан А.Х., Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана, А.-А., 1979.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер