Балағаз Қауменұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Балағаз Қауменұлы (туған-өлген жылдары белгісіз), «Абай жолында» суреттелген Базаралының ағасы. Бұның да батырға лайық іс-қимылдарымен аты шыққан. Тоқпамбет, Мұсақұл қақтығыстары кезінде ерекше ерлігімен оның аты шығады. Бұларды жазушы романында жеткізе суреттесе, ел аузынан жинаған деректерде былай айтылады: «Жігітек пен Айдос жанжалы. «Балағазға кім шығады» дейді Қажы. Сонда Тұрсынбай «мен шығам» дейді. Әуелі Айдостар аттарын қуып алысады. Тұрсынбай, Балағаз жаяу балта ұстасып жүгіріседі. Бұл оқиға Бөжей қыстауының үстінде, Тоқпамбет жанында болады» . Романда Қараша баласы Абылғазы мен Балағаздың бай ауылдардың жылқысын ұрлағаны, содан Құнанбайдың аңду салуымен ұсталғаны, жер аударылғаны көрсетіледі. Сөйтіп ұрлыққа қатысқандар тобы жер аударылып, Абылғазы, артынан Әділхан қашып құтылады да, Балағаз сол кеткеннен қайтып оралмайды.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub