Балалар хабарларының редакциясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балалар хабарларының редакциясы – Қазақ телевизиясының балалар хабарлары редакциясы бүлдіршіндер өмірімен, олардың тіршілігімен тыныстайтын сан алуан тақырыпты арқау еткен бейне хабарлар.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия.–Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т.-640 бет.</ref>

Тарихы

Өз көрермендерінің ықласын аударып, көзқарастарын қалыптастырды. Оларды жарқын мұраттарға, мерей өсірер өнегелі істерге үндеді. Шын мәнінде көгілдір экран балалардың сырлас досына айналды. Телевизиялық балалар хабарларының мұраты үлкен, мақсаты айқын. Балғындарға арналған "Әмина әжейдің әңгімесі" көпшіліктің ойынан шықты. Ертегіні апайлары Қазақстанның Халық артисі Әмина Өмірзақова көгілдір экраннан кішкентай көрермендерімен дидарласып, эфирде әңгіме-дүкен құрды. Кейіннен бұл хабар "Кел, балалар көрелік" болып жалғасты.

Бүлдіршіндер жүргізуші - дикторлар Бұқаралық ақпарат құралдыры Айтжамал Ерманова, Мәриям Айымбетова және комментатор Назгүл Әбутұрапованы асыға күтіп отыратын. Барша балалардың ықыласын аудару мақсатымен бала мінезін аңғартатын қозы, лак, балапан, көжек т.б қуыршақтарды экранға шығарды. Ал, Ляззат Қапышеваның ұйымдастырған "Кел, балалар, оқылық хабары оқушылардың ыстық ықыласына бөленді. Оның тәрбиелік, тәлімдік мәні зор болды.

Хабарлар

Мектеп жасындағы балаларға арналған "Айгөлек", "Ойнаңдар, ойлаңдар", "Алау", ББК (Бәрін білгім келеді), "Өнерге қанат қаққандар" (жүргізуші және редакторлары – Назгүл Әбутұрапова, Шәрипа Жамақаева) хабарларын балалар жылы қабылдады. Комментаторлар Ұлдай Ибадоллаеваның "Кім болам?", Кемел хан Ақмырзаевтың "Рауан". "Ізбасарлар" және "Жарысқа шык жас ұлан" атты спорттық хабарларының қалыптасқан дәстүрі, өзіндік беті болды.

Жоғары сынып оқушылары мектеп партасында-ақ сан алуан мамандықтардың сырына қанықты. Олар белгілі ғалым академиктер: Әлкей Марғұлан, Ләйлә Базанова, Садық Зимановтармен әсерлі кездесулерінің куәсі болды. Телеэкрандағы "Қайнар", "Бастау" хабарлары оқушылардың әсемдік пен әдемілік туралы тың oйларын қозғап, дүние танымым кенейтіп, құбылыс туралы түсініктерін қалыптастырды.

"Біздің премьера" айдарымен берілген телеқойылымдар жастарды өнер әлемінің тылсым сырларына сүңгітті. Көркем қойылымдардың көп көңілінен шығуына режиссерлер Бағлан Бидайбаев, Бағдат Мұстафин, Болат Түлкібаев, тәжірибелі режиссер Биғайша Жұмбасованың, суретші Эрнест Ипмағамбетовтың сіңірген еңбектері өлшеусіз. Балалар хабарларының тартымды, өтімді болуы үшін кішкентай көрермендермен үнемі тұрақты байланысты іске асырды.

Болашақ хабарды жасау кезінде сүйенеріміз балалардың редакцияға жолдаған хаттары болатын. Олар тез қабылдағыш ғой. Қозғалған тақырыптарға дереу үн қосады, көргені менен білгенін ортаға салады. Тың ой қозғайды, жаңа идеялар береді. Сондықтан да экранда балалар жайына тұрақты көңіл бөлінді. Редакцияда пікір-талас тудыратын мәселені бірлесе талдап, ой бөлісті. Экрандағы достық тақырыбы да балалар хабарларында жан-жақты көрініс берді. Әрбір көршілес республикалардың теледидарымен хабар алысып, тәжірибе алмасып тұрды.

Бір республикада балалар өмірінен жылт еткен жаналық болса, тапсырыс беріп, бейнетаспаға түсіріп, студияға алдырды. Балалардың достық кездесулерін ұйымдастырды. Іс-сапармен Прибалтика елдерінде, көршілес Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстанға редакция өкілдерін жіберді. Оқушылар өнерпаздық, спорттық жарыстарға қатысып жүрді. Балалар хабарлары өз көрермендерімен тез тіл табысып, олардың көңілдеріне ұялар, тамаша әсер қалдырды. Бұл редакция ұжымынан шығармашылық соны ізденістерге баруды талап етті. Осыған орай сценарий жазуға балалар жазушылары, ақындар, журналистер, республикадағы газет-журнал кызметкерлері көптеп тартылды. Нәтижесінде қызықты, әсерлі хабарлар туды. Редакцияда балалар өмірлеріне арнап жазатын авторлар тобы құрылды. Соның нәтижесінде балалар әлеміне жақын небір жаңа айдарлар орнығып, экранда қалыптасты.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}