Балалар студиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балалар студиясы – хабарлары теледидарда өзіндік орын алып, республикалық көп бағдарламалы арнада көпшілік қарайтын көгілдір экран туындысы. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия.–Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т.-640 бет.</ref>

Студия аз уақыт ішінде өзіне жанашыр көрермендер аудиториясын қалыптастырып үлгерді. Алайда мүмкіндік көкжиегі осымен шектелмесі де шындық. Осы бағытта студияның шығармашылық тобына бірнеше ұсыныс-пікірлер болды.

Біріншіден, хабарлардың тым ұсақтанып кетуі. Бүкіләлемдік аренадан лайықты орын алған Қазақстанның алғашқы қарлығаштары шетелдік оқу орындарынан білім алуда. Міне, сан хабарға жүк боларлық тың тақырып. Ал мектептегі ұлттық тәрбие ше? Тарихи тұлғаларды кейінгі ұрпақтарына таныту ше? Ия, тақырып алуандығы жетерлі. Тек, осыны байсалдылықпен, кәсіби шеберлікпен игере білу қажет.

Екіншіден, кәсіби шеберлік демекші, осы орайда хабар дайындаудың техникалық мүмкіндігі. Кез келген хабарда музыкалық нөмірлер жиі пайдаланылады. Мұны қате дей алмаймыз. Өйткені балалар хабары көтеріңкі көңілді қажет етеді. Жалынды жастықтың лебі есіп, оны әр қырынан сөз ететін кездер балалар арасындағы кең тараған әуендермен көркемделіп отыруы талғампаз сыннан өткен, дәстүрлі тәсіл. Әңгіме сол әуезді әуендердің эфирге қалай берілетіндігінде. Ең бастысы – теледидардың техникалық бейнелеуші құралдарының бүгінгі уақыт талабына сай келмейтіндігінде. Бұл тек балалар хабарларына катысты нәрсе емес, Қазақ теледидарының бүкіл хабарларында тез арада емін табу керек "тумауы" осы болып отыр.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}