Баку мұнайлы-газды ауданы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Баку мұнайлы-газды ауданы — Әзербайжандағы мұнай мен газдың мол қоры және өндірісі бар аудан. Баку мұнайлы-газды ауданы Оңтүстік Каспий мұнай-газ аймағында, Апшерон түбегі мен Каспий теңізінің астында орналасқан. Мұнай кендері солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылған, әр түрлі пішінді, созылыңқы кейде сақина тәрізді антиклинальдік қатпарлар мен күмбездерде орналасқан. Мұнайдың көбі плиоцен шөгінділерінде, біраз бөлігі одан да көне жыныстарда 4500 м-ге дейінгі тереңдікте кездеседі. Қалыңдығы 1000 м-ден 3400 м-ге дейін жететін құм, құмтас, алевролит және саздан тұратын қат-қабатта 40-қа жуық мұнай және газ қабаттары бар. Мұнда ертеде мұнай қарапайым әдіспен құдықтардан алынған болса, 1869 жылдан ұңғымалардан (Балаханда) алына бастады, 1873 жылы 35 м тереңдіктен мұнай фонтаны атқылады. Бұл ауданның кендерінен 1870 — 1990 жылдары аралығында 1 млрд. т-дан астам мұнай өндірілді. Бұрғылау тереңд. 7000 м-ден асты. Негізгі кен орындары: Нефтяные камни, Бахар, Сангачалы-Теңіз, Бибі-Эйбат, Сурахан, Қарашұқыр, Карадаг, т.б.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Баку мұнайлы-газды ауданы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}