Байқұлақ шешен
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Байқұлақ шешен (туған-өлген жылы белгісіз) - Абайдың замандасы. Өз ортасына шешендікпен аты шыққан адам. Жуантаяқ-Тобықты руынан. Абай оны сөз тапқырлығы, шешендігі үшін құрмет тұтқан. Мағауия қайтыс болғанда, Байқұлақ шешен бір топ адамды бастап келіп, ақынға:
- «Ақсұңқар қолдан ұшты,
- Бәрінен құдайдын құдыреті күшті» -
деп көңіл айтады. Сонда Абай:
- «Бұл Мағыш маған да жоқ, саған да жоқ,
- Мағыштай бала тумас көңілге тоқ.
- Аз күңде дүниеден мен де кетем,
- Маған да зар боларсың, жиылған топ»
- деп, алдағы күнге көңілсіз болжау жасайды. Осыдан 40 күн өткен соң ақын дүние салған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Дереккөздер
<references/>