Байқоңыр петроглифтері

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Байқоңыр петроглифтеріҰлытау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Ұлытау ауданы, Байқоңыр өзенінің қос жағалауын бойлай 25 км жерді алып жатыр.

Зерттелуі

Байқоңыр петроглифтері жайлы алғашқы мәліметтер Н.С. Воронецтің жұмысында кездеседі. Зерттеулер жалғасы ретінде В.А. Городцовтың 1926 жылы мақаласында шығады. Соғысқа дейінгі дейінгі жылдары петроглифтерді Қ.И. Сәтбаев қарап шыққан. 1947 жылы мұнда Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы Ә.Х. Марғұлан басшылығымен зерттеулер жүргізеді. 1983-1989 жылдар аралығында Байқоңыр петроглифтерін Қарағанды мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясы В.А. Новоженовтің басшылығымен зерттейді. Сол кезде барлық сақталған суреттерді жүйелеу жүзеге асырылады.

Петроглифтер сипаты

Петроглифтер биіктігі 10 м жекелеген жартастардан табылған, олар негізгі жартастардан алшақ өзара телімдермен бөлініп орналасқан. Суреттер салынған тақталар, әдетте, жерден 2-4 м биіктікке орналасқан, оңтүстік-шығысқа, кейде солтүстікке бағытталған, тік немесе көлбеу, кейде көлбең экспозицияны құрайды.
Петроглифтердің төрт негізгі жинақталған орны табылған: Байқоңыр ауылының маңы (орналасқан жері Байқоңыр А-И); Лақбай қыстағы жаны (орналасқан жері Байқоңыр I-III); сонымен қоса Сарысай қыстағының маңы (Байқоңыр IV).
Байқоңыр ауылынан өзенді бойлай 1,5 км жерде орналасқан Балқымбай қыстағының маңында 9 тармақтан құралған петроглифтер жиынтығы орналасқан. Петроглифтер нүктелі тәсілмен орындалған, өңделгендері сирек кездеседі. Петроглифтері бар жартастар қатты қирап, бетін қына басып кеткен. Адамдар мен жануарлардың жеке суреттері көптеп кездеседі. Ерлердің суреттері айқын ерекшелікпен бейнеленген, жануарлар арасында жылқы, түйе, бұқа, киік суреттері көп кездеседі. Сонымен қатар ежелгі суреттердің үстінен уақыты жағынан кейінгі суреттер басылып салынған жерлер де кездеседі. Жартастарда "сүлде" және скиф-сақ аң стилінде салынған суреттер ерекшеленеді.
Лақбай қыстағының маңындағы, Байқоңыр ауылынан оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай 18 км жерде орналасқан петроглифтер жиынтығы ерекше қызығушылық тудырады. Ол жерден көп бейнелі тас беті анықталады, онда "құйрықты" және "күн басты" аңшы-садақшылардың бұқалар мен түйелерге аңшылық құру көрінісі; жануарлардың қарсыластығы мен шайқасының көрінісі; азаптау көріністері берілген.
Байқоңыр III жартасында екі, төрт дөңгелекті ат пен түйе жегілген арба бейнеленген. Ең танымал бейнелер – жылқы мен түйе, ал тауешкілер, бұқалар, иттер, жылан, киік суреттері сирек кездеседі. Байқоңыр III, 16-шы жартаста жыртқыштардың бұқаға шабуылы бейнеленген, бұл скиф-сақ аң стиліне тән көрініс, сонымен қоса ол жерде көне дәуірге жататын түйе, жылқы суреттері өзге стиль мен тәсілде орындалған.
Байқоңыр ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км жерде, өзеннің оң жағалауында Байқоңыр IV жартасы орналасқан, ол қатты қираған және бетін қына басқан. Негізгі бейнелер: жылқы, түйе, таутеке, салт аттылар.

Петроглифтер кезеңі

Байқоңыр петроглифтері негізгі екі кезеңге бөлінеді: қола – кейінгі қола дәуірі мен ерте көшпенділер дәуірі, сонымен қоса әр түрлі хронологиялық кезеңдерге жататын бейнелеу стильдері де кездеседі.
Өзіндік үлкен деңгейлі шынайылықпен салынған Байқоңыр жылқыларына ұқсас суреттер сейминск-турбинск қола дәуірі мәдениетінде кездеседі.
Байқоңыр өзенін бойлай орналасқан бұл петрголфитер Қазақстанның ежелгі тайпаларының материалдық және рухани мәдениеті бойынша құнды дерек болып табылады.<ref>Қазақстанның киелі орындарының географиясы: Табиғат, археология, этнография және діни сәулет өнері нысандарының тізілімі / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2017 – 1-шығарылым. – 904 б. ISBN 978-601-7312-78-7</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер