Байқау шарттары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Байқау шарттары – 1) Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір дәлелдің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету; 2) Зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіну білу қажет<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009,1-т.–640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>. Мысалы, байқау объектісі ретінде сабаққа нашар оқушыны алатын болсақ, мақсатымыз оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының кейбір ерекшеліктерін білу; 3) Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелушінің сөзін стенографиялап отыру, кейін отан мұқият талдау жасау, басты фактілерді іріктеп алу – осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі. Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері де бар. Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттей алмайды да, көп уақытын жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта тыңғылықты, ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. Байқау әдісіне қарағанда психикалық құбылыстарды эксперименттік жолмен зерттеудің біраз артықшылығы бар. И.Павлов: "Байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды, ал тәжірибе табиғаттан өзінің тілегенін алады" – деп тегін айтпаған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}