Байғара би кесенесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Байғара би кесенесісәулет өнері ескерткіші.


Байғара биге арналып тұрғызылған. Аягөз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 55 км жерде. Ескерткішті 1991 жылы Алматы архитектура және құрылыс академиясының экспедициясы (жетекшісі Е.М. Бәйтенов) зерттеген. Кесене қорымның оң жақ бөлігіндегі шағын дөңесте тұр. Шикі кірпіштен шаршы жобамен (11,7х11,0 м.) тұрғызылған кесененің үшкіл күмбезі болған. Бұл Аягөз өзені маңайындағы ескерткіштерге тән үлгі. Оңтүстік-батыс қабырғасындағы кіретін ойықтың ағаш жақтаулары бар. Күмбездің төрт қырында да үшбұрышты терезелер болғанға ұқсайды, қазір екеуі ғана сақталған. Кесененің ішкі жағында сарғыш түсті сылақтың ізі байқалады. Сағана шикі кірпіштен төрт бұрышты етіп жасалған, оның солтүстік бетіндегі қабырғасына осы заманғы темір тақта орнатылған. Оған жоқтау сөз жазылған. <ref> Қазақ энциклопедиясы, 2 том; </ref>

Пайдаланған әдебиет

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Байғара би кесенесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}