Байынқол Қалиұлы Қалиев
Қалиев Байынқол Қалиұлы (23 қаңтар 1939, Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылы) — филология ғылымдарының докторы (1991), профессор (1996).
Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
ҚазМУ-ды (1963, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1967–91 жылдары ҚР ғылым академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер, 1991–95 жылдары бөлім меңгерушісі болды. 1995 жылдан Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. Қазақ тіл білімінің фонетика, лексика, терминология, этнолингвистика, тіл мәдениеті, аударма салалары бойынша зерттеулер жүргізді. 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (1974–86, Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1988) авторларының бірі, жауапты редакторы. 150-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 5 монографияның авторы.