Байтал матау
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
- Байтал матау - дәстүрлі шаруашылықта сәурікті үйірге қосу<ref>Арғынбаев X. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы: Ғылым, 1969</ref>.
Қысырақ байталдардың ұрықтануы үшін бес- он байталдан бөлектеп алып, оларға жас сәурік айғырды әкеліп қосу қарекеті. Дәстүрлі ортада кең таралған атауы - қысырақ матау<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>