Байсат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Байсат, адокса (Үлгі:Lang-la) – байсаттар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.


Қазақстанда шыршалы және аралас ормандар арасында, қандыағаш, көктерек, талдар өскен тау етектерінде кездесетін 1 түрі – мускус Б-ы (А. moschatella) бар. Биікт. 5 – 12 (20) см. Тамыр сабағы қысқа, ақшыл түсті. Тамыр түбіндегі жапырақтары екі, сабақ бойындағылары үш салалы. Жаздың алғашқы жартысында қурап қалады (эфемероидтар). Гүлдері көзге көрінбейді, өте ұсақ, ашық жасыл түсті. Олар шоғырбас гүлшоғырына топталған. Ерте көктемде әлсіз мускус иісін шығарып гүлдейді. Жемісі – қорапша.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер