Баймахан Ибрагимов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тексерілмеген мақалаҮлгі:Тұлға Баймахан Ибрагимов (1909 жыл, Қармақшы ауданы – 1962 жыл) — қоғам қайраткері.

Өмірбаяны

  • 1927 жылы Қазалы қаласындағы 7 жылдық мектепті бітірген.
  • 1930 жылы Ташкент қаласындағы Қазақ орман шаруашылығы техникумын тәмамдаған.
  • 1930–1937 жылдары — Қазақстан ЛКЖО Қармақшы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл қалалық комитеттерінің хатшысы.
  • 1937–1938 жылдары — Алматы қаласындағы Марксизм-ленинизм институтының тыңдаушысы.
  • 1938–1942 жылдары — Қазақстан БК(б)П Жаркент аудандық партия комитетінің 1-хатшысы, Алматы облыстық партия комитетінің 2-хатшысы.
  • 1942–1945 жылдары — Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Кеңес әскері құрамындағы 4-Украина, 3-Украина майдандары саяси бөлімдерінің басшысы.
  • 1946–1947 жылдары — Алматы қаласындағы Дала әскери округінің жалпы әскери құрамалары партия ұйымдарының хатшысы, Қазақстан БК(б)П Орталық Комитеті әскери бөлімінің меңгерушісі.
  • 1947–1950 жылдары — Қызылорда облыстық партия комитетінің 1-хатшысы.
  • 1950–1953 жылдары — Қазақ КСР Орман шаруашылығы министрінің орынбасары.
  • 1953–1955 жылдары — Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінде бөлім меңгерушісі.
  • 1955 жылдан өмірінің соңына дейін Талдықорған (қазіргі Жетісу) облысының Панфилов қаласында қызмет атқарған.<ref>СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023.– 318 б. ISBN 978-601-7059-54-5</ref>

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер