Байланыс болашағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Байланыс болашағы – каналды лазерлі теледидарлармен бірден 10-12 бағдарлама қабылдауға болады; түрлі-түсті теледидарлар тұрмысқа түгелдей тұтас енген; теледидардың экраны үлкейіп, үйдің қабырғасын тұтас алатын болған, соған қарай оның корпусы әлдеқайда жұқарған; қолға ұстап, машинаға салып жүретін батареялы қол теледидарлар бар және олар бірнеше бағдарламаны қабылдай алады; теледидарға қосылған арнайы аспаптың көмегімен берілген хабарды кез келген тілден қолма-қол аударып отыруға болады; үйде тұрған теледидарлар аспанда ұшып жүрген телевизиялық байланыс спутниктері арқылы берілген хабарда арнайы антеннасымен бір-ден, тікелей (аралық қабылдау станцияларынсыз) қабылдай алады; голография телевизияға да келеді, соның нәтижесінде теледидардағы бейнелер жан-жағынан аумақты да қомақты қабылданады; теледидарлар арқылы сабақоқу, білім беру кеңінен өрістетіледі, телевизия арқасында әркім үйде отырып оқи алатын болады<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009,1-т.–640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>. Соның ішінде ерекше атап өтер бір жаналық – бүкіл әлемдік телевизия, яғни мировидение. Хабарды тікелей теледидарға бірден беретін спутниктер ұшырылатын болады. Олар өзінің даму, қолдану барысында үш кезең– үш сатыдан өтеді. Ең алдымен, ол спутниктер хабарды жердегі шағын қарапайым қабылдау станцияларына беретін болады. Олар көбінесе ауылдық жерлерде орналасады да, спутник-тен қабылданған хабарларды маңайындағы теледидарларға беріп тұрады. Содан кейін спутниктерден тікелей берілген хабарларды арнайы антеннамен жабдықталған теледидарлар қабылдап алатын болады. Ең соңында барып, үйде тұрған теледидарлар сол өздерінің үйреншікті (ешқандай жабдықсыз-ақ) антеннасы арқылы спутниктерден берілген хабарларды тікелей қабылдайды. Бұл ғажайып жаналық. Онда телевизия үшін бүкіл әлемді бір үй секілді, шекаралар мен межелер жоғалады. Ол үшін елдер өзара келісім жасауы тиіс. Ешкім біреуге жарамсыз хабарлар бермейтін болу керек! XXI ғасырдың басында осы заманғы басты байланыс құралы – телевизия осылай дамитын болады. Радио арқылы дыбысты, телевизия арқылы суретті жер шарының кез келген бұрышына екі секунд ішінде жеткізуге болады. Байланыстың ертеңгі қуаты мен глобальдық ауқымы, міне осындай!

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}