Байламды су

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

тау жынысы қуыстары мен кеуектерінің жақтауларында ауырлық күші мен капиллярлық күштерден артығырақ дәрежедегі электрлік-молекулалық күштер көмегімен жабысып тұратын жерасты суы. Байламды суда сұйық судың басты қасиеттері жоқ, оны тау жынысыты кептіру арқылы (105-110°С температурада), немесе сығымдау арқылы (300-500 МПа қысым жағдайында) аластауға болады. Байламды судың екі түрін даралауға болады, олар: берік байламды су (бұл суларды адсорбциялық су немесе гигроскоптық су деп те атайды) - тау жынысыты қыздырғанда, иә болмаса сығымдағанда қозғалуға дәрменсіз байламды су; босаң байламды су (бұларды кейде "қабықшалық су" деп атайды) - тау жынысы түйірлерін қалыңдығы түрліше болып келетін қабықшалар түрінде көмкере отырып, сол қабықшаның қалың тұстарынан оның жұқа тұстарына қарай жылжуға қабілетті байламды су.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub