Байжанбаев Әнуарбек дикторлық мектебі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Байжанбаев Әнуарбек дикторлық мектебі – телерадиоға жаңадан қабылданған жастарға эфирден оқу, экранная талғаммен сөйлеу өнерінің тамаша үлгісі болды<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009,1-т.–640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>. Қазақтың қара сөзін қастерлеп өскен ортада тәрбие алғанӘнағаң сөздің жөн-жобасын, жосық-жүйесін жетік білтен, өрнекті өлең өрнегін, салмақты сөз сүлейін қадірлеген. Марқұм әкесі Нығметжан "Топ жарып шешен сөйлеу – үлкен өнер, өз ойыңды, сөзіңді кемел айта білу де өнер. Шешеннің сөзі – мерген, шебердің көзі – мерген, олақтың сөзі орынсыз жамау тәрізді, орынды айтылған сөз орнына қағылған шеге сияқты", – деп отыратын. Әнағаң Әміренің асқақ үнін естіп, Кенекеңнін төкпе жырын тыңдаған, Исаның тасқынды желдірмесін ұғып, Қалыбек пен Құрманбектің театрдағы ғажап ойынын көріп өсті. Өсті де, осы бір дидарлы тұлғалардың әрбір қимылынан өзгеше қылық, үндерінен биязы саздылық, ойын өрнектерінен пенде бойына ұя салған ым мен қимылдың да аудиторияға әсер-қуатының толассыз екендігіне көз жеткізді. Халық сөзінен нәр алған, соның тумасына терең бойлаған, зерек ойлауы мен ділмар сөйлеуі қатар жетілген, терең ойлап, шешен сөйлейтін, дауылпаз дауысты, қазақ топырағындағы болмыс-бітімі өзгеше теле-радио саласындағы оқу өнерінің корифейі атанған Әнағаң:"Сөйлегенде дауыстың құбылуы, қатты, орташа не ақырын шығуы, толас табуы, дауыс екпінінің мағынасын арнайы ерекшелеп айтатын сөзте түсуі, қуаныш пен реніш, жақтыру мен жақтырмау сияқты жайттерді білдіруге қосымша реңк үстейтін дауыс сарыны, мәнерлеп оқу тәсілдеріне орай өзгеріп отырады. Болашақ әріптестер – дикторларға күнделікті ма-териалдарды оқу жайын, көркемсөз оқу өнерінен кейбір теориялық пікірлерді айта отырып, мәнерлеп оқу мен нақышына келтіре әңгімелеудің әдісі мен тәсіліне төселдіру, сөйлеу техникасын – дұрыс дем алу, үнді күшейту, дауыс сапасын дамыту жайында тиянақты әңгіме етеміз" – деуден, өмір жолында бір жалықпады. Сонымен бірге дауыс сарыны, сөйлеу сазы мен оныңқұрылымы, өлең окығанда тыныс алу, кідіру, ырғақты кідіріс, өлеңоқудың шеберлігі, дауыс күші, сөйлеу әуені, дауыс бояуы да тележүргізушілер үшін аса қажетті әрі мәнді екендігін жастарға ұғындырып отырды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}