Базофильді зат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Базофильді зат (substantia ba-sophilia; лат. substantia - зат, грек, basis - негіз, рһіііа — жақсы көру) - жүйке жасушасы — нейроцит цитоплазмасындагы негіздік бояулармен (тионин, көк толуидин, көгілдір крезил т.б.) көкшіл түске боялатын, пішіні мен мөлшері әртүрлі түйіршік тәрізді дәншелер. Базофильді зат — нейроцит денесінің (перикарионның) және оның жүйке толқындарын (импульстерін) сырттан қабылдайтын өсінділері — дендриттерінің цитоплазмасыңда орналасады. Ал нейроциттің аксондык төмпешігі мен аксонының (жүике толқынын неироцит перикарионынан әрі қарай өткізетін жүйке жасушасының өсіндісі) цитоплазмасында базофильді зат болмайды. Электронды микроскоп арқылы базофильді заттың бір-біріне параллельді тығыз орналасқан гранулалы эндоплазмалық тордан түратындығы анықталды. Ал гистохимиялық әдіс - нейроцит цитоплазмасындағы базофильді заттың РНҚ-ға өте бай екендігін көрсетті. Базофильді зат — нейроциттегі протеиннің биосинтезі процесіне қатысу арқылы жүйке жасушасы перикарионы мен өсінділерінің цитоплазмасы массасының белгілі бір деңгейде тұрақты болуын қамтамасыз етеді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Базофильді зат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}