Базидиялы саңырауқұлақтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Базидиялы саңырауқұлақтар , базидиомицеттер (Вasіdіomycetes) – айрықша көбею мүшесі – базидиялары бар жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақ класы. Жер шарында кең тараған, 3 класс тармағы, 18 қатары, 30 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 2 мыңнан астам түрі кездеседі. Б. с-дың жетілген базидиясының (грек. basіdіon – тірек) әрқайсысы бір клеткадан тұратын 4 спорасы (базидиоспоралары) болады. Өсе бастаған әрбір базидиоспорадан алғашқы гаплоидты мицелий өседі. Сондықтан Б. с-дың көбінде бір немесе бірнеше мицелийдің клеткалары өзара қосылады. Диплоидты мицелийден әдетте жеміс денесі дамиды. Б. с-дың ішінде көптеген түрі жеуге жарамды (ақ саңырауқұлақ, қозықұйрық, т.б.), улы түрлері (мухомор, шайтан саңырауқұлағы, т.б.), құрылыс ағаштарын шірітіп, ұнтаққа айналдырып жіберетін үй саңырауқұлақтары, а. ш. дақылдарын зақымдайтын түрлері де бар. Кейбір түрлері антибиотик түзеді.

Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Базидиялы саңырауқұлақтар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}