Базар батыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Базар батырдастан. Ауыз әдебиетін жинаушы Б.Тұрсынбаев 1935 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Батбақбұлақ а-ның тұрғыны Жангөдей қарттан жазып алған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> «Базар батыр» дастанының осы нұсқасының сюжеті негізінде Тұрсынбаев дастан жазып (1942), ол 1944 жылы жеке кітап болып басылған. «Базар батыр» дастаны үш тарауға бөлінген: 1-тарауда Базар батырдың Шыңжаң аймағындағы Алтай өлкесін қытай, қалмақ басқыншыларынан қорғау жолындағы, 2-тарауда оның басқаруындағы Алтай қазақтарының Данияр хан озбырлығына, 3-тарауда Базар батырдың Ресейдің отарлау саясатына қарсы күресі көркем баяндалады. Оқиға бас кейіпкерді патша жендеттерінің азаптап өлтіруімен аяқталады. Дастанның Жангөдей жырлаған толық нұсқасы Қазақстан ғылым академиясының Орталық ғылымның кітапханасы қорында, басқа екі нұсқасы Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар және мәтінтану орталығында сақталған.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Базар батыр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}