Базарбай Сағадиұлы Жұманиязов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Базарбай Сағадиұлы Жұманиязовкомпозитор, Қазақстанның халық артисі (1990), Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1983).

  • Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1965).
  • 1964 – 65 жылдары “Қазақфильм” киностудиясында музыкалық редактор
  • 1965 – 66 жылдары “Мектеп” баспасы музыка редакциясының меңгерушісі болған.
  • 1966 – 98 жылдары Алматы консерваториясында дәріс берді (1997 жылдан профессор).
  • 1973 – 84 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы төрағасының орынбасары, КСРО Композиторлар одағы басқармасының мүшесі
  • 1984 – 87 жылдары Қазақ опера және балет театрының директоры
  • 1991 – 98 жылдары Қазақстан Композиторлар одағының 1-хатшысы қызметтерін атқарды.
  • 1998 жылдан дербес зейнеткер.


  • “Махамбет” операсы (1990)
  • “Жер” (1967),
  • “Отан туралы кантата” (1972)
  • “Мерекелік шеру” (1980)
  • “Достық” (1980)
  • “Кең-байтақ отаным менің” (1988) кантаталары
  • “Халқым туралы поэма” (1969)
  • “Кек әні” (1978) вокальды-симф. поэмалары
  • “Дала” (1976) симф. картинасы
  • “Қуаныш” (1980) симфониялық күйі, симфониялық оркестрге арналған екі сюитасы (1985, 1987)
  • “Айтыс” (1972) атты вокальды-хореографикалық композициясы
  • “1731 жыл” атты поэма-симфониясы (1987), көптеген ән-романстары қазіргі заманғы отандық кәсіби музыканың дамуына қосылған елеулі үлес болып саналады, сондай-ақ ол бірнеше спектакльдер мен кинофильмдерге музыка жазған. Жұманиязов шығармалары жоғары көркемдігімен, ұлттық үн бояуымен ерекшеленеді.
  • Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1970).
  • “Халықтар достығы” орденімен марапатталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 4 том;</ref><ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub