Базарбаевтар отбасы (телехикая)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Телесериал Базарбаевтар — қазақстандық отбасылық комедиялық сериал. Сериалды түсіруге мұрындық болған Нұрлан Қоянбаев.Сериал түсірерден бұрын Нұрлан Қоянбаев «31 арнада» ойын-сауық бағдарламаларының продюсері ретінде «Әзіл студио», «Қыздарай-ай», «Ризамын», «Қазақша концерт» жобаларын дүниеге әкелген болатын. "Жұлдыздар отбасы" журналына берген сұхбатында Нұрлан: - Ендігі кезекте, осыған дейінгі жинаған тәжірибемді мен жаңа бір жанрда пайдаланып көрмекпін - деген болатын. - «Бұл телетоптаманы қолға алмас бұрын, біз үлкен дайындықтан өттік, - деді жоба продюсері. – Айталық, «Әзіл студио» жобасында белгілі бір тақырыпты бірер минуттың ішінде ашып беру басты мақсат болса, ситком мұндай жеңіл күлкі, жеңіл әзілге илікпейді. Яғни, мұнда тұрақты кейіпкерлер, белгілі бір оқиғалар тізбектеліп, әзілдер де соған сай өріліп отыруы тиіс. Сондықтан, КВН-ді де, телевизиядағы басқа жобаларды да осы ситкомның алдындағы дайындық, өзімізді шыңдау мектебі болды деп айта аламыз».

Сюжеті

"Базарбаевтар" - Ситкомның оқиғасы Алматыдағы қарапайым үш бөлмелі пәтерде өтеді: Саламат пен Айғаным және балалары – Шерәлі, Арсен, сондай-ақ, бірінші курс студенті Гүлнәр. Күндердің күнінде үлкен ұлдары Шерәлі аяқ астынан келін әкеліп, өзі де тарлық етіп жүрген пәтерде қиындық туындай бастады. Енді Базарбаевтар отбасында кез-келген ұсақ-түйек , тіпті 1 шаршы метр жерде... ұрыс-керіске себеп болуы мүмкін. Алайда, осындай болмашы қиындықтарға қарамастан, бұл үйдің адамдары кез-келген жағдайдан жол тауып кетеді.

Кейіпкерлер

Отағасы Саламат Алматы метросының құрылысына белсенді атсалысып жатқан маман, бригадир. Айғаным белгілі тележүргізуші, сондай-ақ, туған-туыс, құда-құдағилармен ішкі-сыртқы саясат сияқты барлық мәселені қадағалап отыратын ханым. лкен ұлы Шерәлінің жасы 25-те. Ол болашағынан үміт күттіретін футболшы. Ортаншы ұлы – Ералы Кембридждің студенті. Кіші ұлы Арсенді көршілер мен мұғалімдердің бәрі жақсы көреді. Гүлнәр әкесінің сүйікті қызы.

Әртістер

Бекжан Тұрыс Саламаттың рөлінде,

Райхан Халиолдина Айғанымның рөлінде,

Нұрдәулет Шертім Шерәлінің рөлінде,

Аида Жантілеуова Назым келіннің рөлінде,

Гүлнәр Сильбаева 1 маусымда Гүлнәрдің рөлінде,

Дастан Қалдыбаев Ералының рөлінде,

Нұрлан Қоянбаев Ералының досы,

Нұржан Тұтов Назым келінінінің әкесі,

Күнсұлу Тұрғынбекқызы Назымның анасының рөлінде,

Әлихан Байсұлтанов - Саламаттың кіші ұлы,қырсықтау мінезі бар, анасының ерке баласы. Ол әкесі мен үлкен әпкесінен қаймығады, ағаларының сөзіне құлақ аса бермейді.

Бақыт Әліпбаева

Түсіру тобы

Режиссёрі

Қоюшы-режиссер: Стас Булов

Продюсерлері

Бас продюсері - Нұрлан Қоянбаев

Сценаристі

Нұрлан Қоянбаев, Нұрдәулет Шертім, Жаммид Көшербаев

Саундтректер

"Базарбаевтар" -

Сыртқы сілтемелер

http://31-telearna.yvision.kz/

http://vk.com/club37681434

http://31.kz/kz/projects/serials/bazarbaevtar/