Бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимі - тауарлардың кейін Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілуі жағдайында, тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, тауарлар жеке тұлғаларға кедендік баждар, салықтар алынбай және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай сатылатын кедендік режим. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге кететін жеке тұлғаларға тауарларды бажсыз сауда дүкенінде сату фискалдық, жады бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бажсыз сауда дүкенінде сатылатын тауарлардың кеден органымен келісілген арнайы танбасы болуы және сату үшін алдын ала оралуы тиіс. Бажсыз сауда дүкенінде тауарларды сату Қазақстан Республикасының кедендік аумағында Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде кедендік бақылаумен жүргізіледі.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.- Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Заң {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}