Бажиров Нұрлан Дюпанұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бажиров Нұрлан Дюпанұлы — 1964 жылы 22 ақпанда Қарағанды қаласында туған.<ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>
- 1979 жылы Алматы мемлекеттік театр-көркем-сурет институтына түсіп, оны 1984 жылы бітірген.
- 1984 — 1987 жылдары бұрынғы Строганов атындағы МВТУ-да оқиды.
- 1987 — 1994 жылдары Қарағанды қаласында көркем-сурет-өндірістік шеберханада жұмыс тәжірибесін жүргізеді.
Сонымен бірге әр түрлі баспалармен байланыс жасап өзіміздің және шетел жазушыларының кітаптарына суреттер жасайды. Жюль Верннің романдарын және "Ақ биялай" атты кітапты безендірген.
1987 жылдан бастап қолданбалы графика саласында бірнеше көрмелерге қатысады. Жұмыстары ТМД және шетелдерде жеке топтамаларда сақтаулы.Қазір жеке шығармашылық істерімен айналысады.
Дереккөздер
<references/>