Бадырайта көрсеткенде

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Бадырайта көрсеткенде" – Қарағандылықтар өздерінің сын хабарларын тележаңалықтардағы қысқа сюжеттерден бастаған, одан телефельетондарға, сонан соң телерейдтердің материалдарын тілге тиек ете отырып, дөңгелек үстел айналасындағы өзекті әңгімелерге көшкен<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009,1-т.–640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>. Алғашқы хабарлардағы сын жадағайлау болса, кейінірек телеэкраннан айтылар сын қажеттілігі іс жүзінде тексерістен өткен соң қарағандылықтар мұндай өткір материалдар өрісін кеңейтіп отыратын болды. Қарағандылық тележурналистердің сыни шығармасындағы кезекті қадам – көрерменмен тікелей әңгімеге шығу, оларды қойылған проблысыеманы шешу ісіне тікелей араластыру болды. Сыни хабарлардың жанрлары мен формалары жетіп артылады. Олардың ішінде алдыңғы орын телефельетонның үлесіне тие бастады. Фельетон сынның ен өткір қаруларының бірі екені белгілі. Телевизияда ол одан әрі күшейе түспесе, әлсіремейтіні анық. Газеттегі әріптесіне қарағанда телефельетон кемшіліктерді тек айтып қана қоймайды, сонымен қатар орын алған кереғар фактіні тура орнынан тапжылтпай көрсете де алады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}