Бадал
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
«Бармасаң бадал, қара жерге қадал» тәрізді қарғыс сез құрамында жиі қолданылады. Қазір байқасақ, кейбір жазушылар ықпалы ма, осы тіркестерге кіргізілген жаңалық па әлде сирек қолданылып, көмескі тартып ұмытушылықтан туған ба, дәл ашып айту қиын, «бармасақ бада бол, қара жерге қада бол» қалпына шейін өзгерген. Кейбір жазушы осы сөз арқылы «бада бол» тіркесін тудырады:
«Енді ол отырған жерге барсам бада болайын» (Б. Қыдырбекұлы, Шайтан).
Қазіргі сөздігімізде: бадал — жоғал, құры деп түсіндіріледі. Бұл, әрине, осы сөздің көп дәуірді басынан өткізіп, кейін пайда болған соңғы мағынасы болмас. Ол заңды да. Сөз мағынасы да қоғам тарихының дамуымен жарыса отырып, тұңғыш ұғымын жаңғыртып, жаңартып отыруы кімге де мәлім құбылыс. Әрине, мұндай құбылыс ақиқаттығына осы іспеттес және бұдан да басқа күрделі сөз құрамдарын тұтас алып, терең түрде тілдік талдау жүргізгенде ғана жетуге болады. «Бадалдың» алғашқы мағынасы «жоғал, құры» болса, қарғысқа ұшыраған жанының көз алдында келбеңдеп, қадалып тұруын қай адам үната қоймақ. Осындай ой жетегіне ере түсіп, ізденіске бет бұрсақ, өзге бір туыстас тіл деректеріне әкеліп тірейді. Қырғыз тілінде буйдал — тоқтау, бөгелу (Үлгі:Lang-ru) мағыналарында көрінеді. Бұл жерде «бадал» сөзінің дол алғашқы мағынасын тап баспасақ та, соған жақын келгендігімізді байқаймыз. Өйткені, «тоқталу, бөгелу» сөздері мағына жағынан «тұру» етістігіне бір табан жуық. «Бадалдың» алғашқы мағынасы «тұр» екендігін моңғол тобына жататын бурят тілі дерегінен білу қиын емес: бодо — тұр (Үлгі:Lang-ru). Ал моңғол тілінде: босох — тұру, түрегелу. Бұл топтағы тілдердің өзінде де дыбыс сәйкестіктері жиі болатын құбылыс. Сондықтан да, бірде «бодо», кейде «босох» болып дыбысталу д~с дыбыстарының сәйкестігінен туған нәрсе. Сөз соңындағы -л дыбысы — бурят тіліне тән жұрнақ. моңғол тіліндегі «о» дыбысы орнына қазақ тілінде «а» қолданылу дағдылы жағдай: моңғолша — ороох, қазақша — орау; моңғолша — оточ, қазақша — оташы т. б. Аталған деректер «бадал» сөзінің алғашқы мағынасы «тұр» екендігін аңғартып, «бармасаң бадал, қара жерге қадал» дегеніміз қазіргі қазақ тілінде — «бармасаң тұр, қара жерге қадалып» сияқты ұғымға саятын тәрізді.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-қ2459-6</ref>
Дереккөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}