Бадай әл-Уақай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

БАДАЙ әл-УАҚАЙ (“Таңғажайып оқиғалар”) — Зайн әд-Дин Васифидің (1485 — 1551/56) естеліктер түрінде жазылған тарихи шығармасы. Парсы тілінде жазылған бұл шығарма 46 тараудан тұрады. Әр тарауда автордың өзі куә болған оқиғалар баяндалады. Шығармада Хорасан, Орталық Азияның тарихы, 15 ғасырдыңсоңы мен 16 ғасырдыңбасындағы Гераттың саяси, экономикалық, мәдени өмірі сипатталады. Әбу Әли ибн Сина, Абд әр-Рахман Жәми, Әбу-л-Қасым Фирдоуси, Әлішер Науаи, Камал әд-Дин Бинаи сияқты орта ғасыр ғұламалары жөнінде маңызды мәліметтер бар. Иран шаһы Исмаил Сефевидің Гератқа жорығы, сунниттер мен шииттер арасындағы діни қақтығыстар суреттеледі. Ғазал, рубаи үлгісінде жазылған бірқатар өлеңдер де енгізілген. Шығармада Қазақ жері “Қазақстан” деп аталды. Сыр бойындағы қалалар, Шайбани әулетінен шыққан Ұбайдаллаһ ханның моғол ханы Абд әр-Рашид ханмен одақ құрып, қазақтарға қарсы жасаған жорығы (шамамен 1537—1538 жылы Ыстықкөлдің батысындағы Сән-Таш деген жерде), “Қазақтарды жеңу туралы мәлімет” ҺЄB®hT–˜Aqљ, Қазақ ханы Тахирдың қалмақтарға тойтарыс беру мақсатында бір таудың етегінде Жатан бекінісін салғаны (16 ғасырдың20-жылдары) туралы мәліметтер Қазақстан тарихы үшін құнды дерек болып табылады. Шығарманың қосымшалармен толықтырылған нұсқасы 1971 — 1972 жылы Тегеранда басылып шықты.
Сурет:Shaybani.jpg
Шайбани хан

<ref>Материалы по истории казахских ханств XV — XVІІІ вв., А.-А., 1969; Зайн ад-Дин Васифи, Бадай ал-вакай, т. 2, М., 1972.</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бадай әл-Уақай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}