Бавлин тастопшасы (тастобыры)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бавлин тастопшасы (тастобыры) - Еділ-Жайық өңірінде кеңінен таралған. Әуелгі кезде кембрииден — төменгі девонға дейінгі түзілімдерді қамтыған деп есептелді. Бүгінгі таңда екі тастобыр (серия) жиынтығына сәйкес келеді деп шамаланады. Төменгі бавлин тастобыры қызыл түсті, канық бояулы таңта-тасты (кварцты) құмтастардан, сирегірек құмайттастардан, сазтастардан және ізбестасты (карбонатты) жыныстардан (мергельдер, доломиттер) тұрады, бірнеше тастопшаларға жіктеледі. Қалыңдылығы (қалыңдығы) 1700 м-ден астам.

Акритархтер деп аталатын организм калдықтарымен сипатталған көнелігі рифей эрасына сәйкес келеді. Жоғарғы бавлин тастобыры негізінен сұрғылт түсті территекті жыныстардан — аргиллиттер, алевролиттер, құмтастардан тұрады. Қалыңдығы 800 м-ден астам. Көнелігі — венд. Жоғарғы бавлин түзілімдерінде мұнай белгілері байқалады.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. — А.: АРНGroup, 2000 жыл. — 328 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бавлин тастопшасы (тастобыры)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}