Аңшы киімі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аңшы киімі. "Қан сонарда бүркітші шығады аңға, тастан түлкі табылар аңдығанда, жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет, ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға", - деп, ұлы Абай жырлағандай, аңшы киімі ыңғайлы, қозғалысқа икемді болғаны абзал. Асау құсқа арнайы тігілген қонышы ұзын саптама етік, қолына жеңі өте ұзын, икемді, жеңіл биялай киеді. Сонар, саятқа шығатын қыс маусымы суық болғандықтан, көбіне жылы киімді таңдайды: олар - саптама етік, аңшының өзінің алған алтайы қызыл түлкісінің пүшпағы мен терісінен жасалған қыстық тымақ, жылы ішік, жарғақ тері шалбар киеді. Аңшы үшін саятта таптырмайтын қынды пышақ, жемқалта, оқшантай, дәрі-дәрмек, шыжым бау салған қалталы кісе белдік ажырамас дүние қатарында. Аңшы ықшам киініп, киімінің етегін шалбарланып алады да , кіселі белдігін ту сыртынан буынады. Тау-тастан таймас үшін аңшы етігінің өкшесіне нәлі немесе тақа қағады, жаяу болса аяққа шақай немесе сүйектен шаңғы тәрізді етіп сойшаңғы тағып алады. Аңшы саятқа шыққанда қажетті жабдығына қоса, аңдаусызда бүркіттің аяғын қанатса, оның қанын тыйғызатын бұлғарының ішкі бетіндегі ұлпасын ("бұлғарының еті" деп аталады) алып шығатын болған ертеректе.<ref>Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}