Аңсар Тұрсынханұлы Мұсаханов
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Аңсар Тұрсынханұлы Мұсаханов (31 шілде 1966 жыл, Алматы облысы – 19 ақпан 2025 жыл) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2011 және 2014 жылдары аралығында Алматы облысының әкімі, одан кейін — Сенатор, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Білімі
Шапырашты руынан. <ref>Үлгі:Cite web</ref> Алматы мал дәрігерлік институтын, Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген, мамандығы бойынша - мал дәрігері, мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері. Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты.
Еңбек жолы
Үлгі:Толықтыру Үлгі:Жаңарту Еңбек жолын Күрті ауданындағы «Құйған» совхозында жұмысшы болып бастады. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін әр жылдары «КСРО-ның 60 жылдығы» атындағы кеңшарда мал дәрігері, Күрті ауданының бас мал дәрігері, Жамбыл ауданы Ұзынағаш станциясы мал учаскесінің меңгерушісі, Теміржол ауылдық округінің әкімі, Ақсеңгір тәжірибелік шаруашылығының директоры, «Қазыбек бек» ЖШС директоры болып жұмыс істеді. Алматы облысының мемлекеттік басқару органдарында басшы лауазымдарда қызмет атқарды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қарасай аудандық аумақтық басқармасының бастығы, Іле ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Дереккөздер
Қолданылған әдебиет
- Тарихы терең Талдықорған (Облысты басқарғандар, 35 бет): кітап
- http://blog.zhetysu-gov.kz/content-view-1.html Үлгі:Webarchive
Үлгі:Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының VI шақырылым депутаттары