Аңды мылтықпен атып аулау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аңды мылтықпен атып аулау. XIX ғасырдың ортасынан үрдіске кең ене бастады. Әсіресе, түлкі, аю, жолбарыс, сілеусін сияқты терісі бағалы аңдарды аулау пайда табудың бір көзіне айналуына байланысты мылтықтың пайда болуы көшпелілердің аң аулау дәстүріндегі кейбір қаруларды ығыстыра бастады. Қазақтар шақпақты және білтелі мылтықты пайдаланды. Мылтықпен аң ату үшін оған байқатпай мейлінше жақындау үшін, түйе сияқты жануардың қалқасына «жасырынып», «оқ тиетіндей» қашықтықтан аңды қарауылға алады. Аңдардың бірнешеуін ату үшін, әуелі бастаушы аталығын таңдап, атып түсіреді. Сонан кейін, бастаушысыз әбдіреп қалғандарын жеделдетіп атып түсіруге тырысады.

Қару ұстаған аңшының айла-шарғысына қатысты aтy тәсілдер бірнеше түрге бөлінеді. Ұлып aтy тәсілі- қасқыр жүретін мекендерге жеткен аңшы атын тасаға байлап қойып, қасқыр болып ұлығанда, дауыс шыққан жаққа қарай арсалақтап жеткен қасқырды көздеп атып алады. Бұлғап немесе шақырып aтy - көбіне суыр аулағанда қолданатын тәсіл. Аңшы қолына түлкі, қарсақ, қоян немесе қодастың ақ түсті құйрығынан шоқтап жасап, кішкене сапқа байлаған құрал - бұлғауышты қолына ұстап, оңды-солды бұлғақтатып аңды шақырып алдап, қолайлы қашықтықтан нысанаға алады. Осыған ұқсас баспалап аң-қүс аулау тәсілі - аң-құстың мінез-құлқы және жердің ыңғайын жақсы білген аңшылар аңды көрінбей ұзақ уақыт тапжылмай отырып аңдиды. Иіс білдірмеу үшін жерден бір шөкім құм алып шашып, желдің бағытымен баспалап, аңға қарай жақындайды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аңды мылтықпен атып аулау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}