Ақ үй аманат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақ үй аманат (салт). Қазақ тарихы мен аңыз әңгімелерінде «ақ үй аманат» берген екен деген сөз жиі кездеседі. XVI-XVII ғасырлардағы жаугершілік замандарда екі жақ мәміліге келіп, іс бітімгершілікпен аяқталғанда осы салт сол үлкен жұмыстардың айғағы ретінде жүрген. Мұндайда негізінен кінәлі жақ өзінің жеңілгендігін мойындап бар сән-салтанат, дүние жиһазымен ақ орда яғни «ақ үй аманат» әкеліп тапсырады. Бұл тек жеңілу ғана емес, сол елді мойындаудың, бұдан былай тату көршіліктің (елдіктің) кепілі ретіндегі орны бөлек құжат әрі сый-сияпат десе де болады.

«Ақ үй аманат» негізінен көшпелі елдің әсіресе түркі халықтарының арасында жиі болған. Бұл туралы ғалымдар Ш.Уәлихановтың, Ә.Марғұланның еңбектерінде жазылған. Мұндай жағдай өткен ғасырларда қазақ даласында жиі болып отырған. Мысалы: жоңғар-қазақ соғыстарында, қытай-қазақ шапқыншылығында, Хиуа хандығы мен қазақ хандығы арасында қақтығыстар да елшілер «ақ үй аманат» тапсырып бітім мен келісімге келген кездер көп болған. Мұндай жағдайдың басында мемлекет ішінде беделді би, батырлар мен шешендер, атақты ақсақалдар мен хандардың өздері де жүрген.

«Ақ үй аманат» - ант, серт пен келісімнің, татулықтың айғағы. Оны бұзған ел басқа халықтар алдында үлкен кінәлі деп сыналған және одан сырт айналған.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақ үй аманат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}