Ақ үй

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақ үй - қаңқасы (сүйегі) құрастырылып-ажыратылатын ақ реңк беру үшін бор қосып басылған ақбоз киізбен жабылатын жылжымалы тұрғын жайдың көп тараған жетілдірілген нұсқасы. Ақ үй — молшылық пен сәттіліктің белгісі болып есептелген. Ақ үйдің биікт. 135-140 см-дей 15 басты алты-сегіз қанат керегеден, күмбезін құрайтын ұзындығы 240-250 см-дей 80-90 уықтан, диаметрі 180-190 см-дей делінеді зерттеулерде. Шаңырақ, қос қакпақты ағаш есіктен сықырлауықтан тұрады. Әлбетте, төрт туырлық, екі үзік, түндік, киіз есікпен жабылады. Таңғышы шаңырақтың шеңбері арқылы ішке карай тартылып байланатын киіз есік үзіктің астымен сықырлауықтың сыртынатүсіріледі. Киіз есік күндіз маңдайшаға дейін түріліп байланады.

Ақ үй — кебіне үй иесінің мәртебелі қонақты кабылдайтын үйі. Қонақты түсіріп, жатқызатын үйі боз үй, ал қызметші, шаруа адамдар тұратын үй қара үй деп аталады.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақ үй|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}