Ақ құрт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақ құрт - қой-ешкінің ішегінде кездесетін құрттар тудыратын ауру атауы. Одан сақтандырудың бірден-бір жолы қазақ шопандары тәжірибесінде - малды ащы отқа тойдыра жаю деп санаған. Ащы отқа тойған малдың несебі мен қиынан кермек ащы иіс шығады. Ақ құрттан сақтандыратын жақсы оттарға баялық, жусан, ермен, қарабатқыл, қызылша, кекіре, итсигек, усойқы, ақмия, ақбас, бұйырғын, таужуа және т.б. қыр шөптері жатады. Мал ішегіне құрт көптеп қаптап кеткені, яғни «құрт жайлағаны» білінсе, жыланды (сарыүйек деп аталатын) өлтіріп жұтқызу, апнынды сүтке езіп ішкізу, жемге күшала, күкірт араластырып беру, тотияйын ертіндісін немесе жылқының сұйықмайын ертіп аузына қую қатарлы шаралармен алдын алған.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақ құрт|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}