Ақ қаржеміс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Ақ қаржеміс (Үлгі:Lang-la) – ұшқаттар тұқымдасы, қаржеміс туысына жататын бұта.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 1-1,5 м, тік болып өседі, бұтақтары сұр, ал жас бұтақтары ашық қоңыр немесе сарғыш түсті.
  • Бұтақтарының қабығы жұқа, өсімдікті бойлай жарылып тұрады.
  • Жапырақтары жұмыртқа немесе эллипс пішінді, ұзынша, кейде дөңгелек болады, ұзындығы 2-6 см, ені 2-4(5) см, ұштары доғал, жиектері тегіс, қысқа сағақты және жатық түкті, шеттеріндегі түктері кірпік тәрізді.
  • Гүлдері қысқа сағақты, жапырақтарының жоғарғы жағында масақ тәрізді гүлшоғырға топталған. Гүлдерінің пішіні кішігірім қоңырау тәрізді, ұзындығы 5-7 мм, қою күлгін түсті. Сәуір-тамызда гүлдеп, қыркүйек-қараша айларында жеміс салады.
  • Жемістері қардай ақ, тұқымдары жұмыртқа немесе эллипс тәрізді, ұзындығы 4-5 мм, түсі ақ, беті тегіс.
  • Құрғақшылыққа төзімді, топырақ талғамайды, қолдан сәндік үшін өсіріледі.

Өсетін орны мен таралуы

Қаржемістің отаны Солтүстік Америка, Канада да кездеседі. Қазақстанда ақ қаржеміс өседі. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

<references/>