Ақ тұйғын

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақ тұйғын. Қазақстанның шөлейт өлкелерінен басқа өңірлерде сирек те болса кездеседі. Оны қаршығаға ұқсас баулиды және қырандығы да оған жетеқабыл, әрі оны қаршыға тектестерге жатады дейді қазақтар. Тез самғайтын қанаты қысқалау, құйрығы ұзынша келген оның шүйілгіш, аса шапшаң ерекше қимылын «тұйғындай шүйілген» деген теңеуге арқау еткен. "Ақпаса су бола ма тамшылаған, Жүйріктің сәні болмас қамшылаған. Күніне сан мың үйрек ілсе дағы, Тұйғынның бағасы артық қаршығадан," - деп әспеттеген. Қазақтар онымен кішірек аң-құстарды да аулаған. Тұйғынның балапандары өте мешкей, ашықса бір-бірін жеп қоятын ашқарақ. Оның бауыры аппақ мырза тұйғын, сұрғылт қауырсыны бар сұр кір тұйғын және құл тұйғын деген түрлері бар. Атақты құсбегі Әбілхақ Тұрдыбаевтың Ақбаян атты ақ тұйғынын 1980 жылдары баулыған. Тұр-тұлғасы аушы құстарға ұқсайтын, бірақ құсбегілікке жарамайтын қазақтардың "керексіз затты құстар" деп атаған топқа жыланжегіш қыран, кезқұйрық субүркіт, аққұйрықты субүркіт, кезқұйрық, құладын, жамансары, тілеміш, аражегіш, жұртшы, тазқара, құмай қатарлы жыртқыш құстар Қазақстанда таралған. Бұған қоса академик Ә. Марғұлан орнитологтар үшін беймәлім көкжөре, балтақұс, сақалтақ тәрізді қарақұстарды және саңқылдақ, сарышағыл, сарыжала, ақсары тәрізді құстарды осы топқа жатқызады.<ref>Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3</ref><ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}