Ақ тауқалақай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Ақ тауқалақай (Үлгі:Lang-la) – ерінгүлділер тұқымдасына, тауқалақай туысына жататын, көп жылдық шөп тектес өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 1 м-ге жетеді.
  • Сабақтары төрт қырлы, ұзын, түзу,іші қуыс, үш жағы сүйір, жұмыртқа тәрізді, шеттері ара тісті.
  • Жапырақтары қарама қарсы орналасқан, күйдіргіш қалақайдың жапырақтарына ұқсайды, бірақ оларадай күйдіргіш емес.
  • Гүлдері екі ерінді, ақ немесе ақ сары түсті. 8-9 дан топталып жапырақтарының арасындағы қуыстарға орналасады. Гүл тостағаншасы бес қалақшадан тұрады, олар гүл жапырақшаларынан ұзындау болып келеді.
  • Жемісі кішкене 4 жаңғақшадан тұрады. Мамыр айынан бастап күзге дейін гүлдейді.

Өсетін жері

Өзен жағаларында, бұталар арасында, далалы аймақтардағы шабындықтарда, орман ішінде, үйлердің маңында өседі.

Құрамы

Құрамында эфир майлары, флавондары, алкалоидтар, гистаминдер, хлорин және илік, қоймалжың заттар бар.

Емдік қасиеті және қолданысы

Халық медицинасында ақ тауқалақай қан тоқтататын күшті дәрі ретінде қолданылады.Гүлдерінің сөлін алып пайдаланса, аса тиімді болады.Әйелдердің ақ етеккірі келген кезде ақ тауқалақайдың шөбінен жасалған тұнбамен емдейді. Жоғарғы тыныс жолдары қабынғанда гүлдерінен жасалған тұнбалар өте жақсы жәрдем береді.Үш түсті шегір гүлдің шөбін,бүлдіргеннің жапырағын, ақ тауқалақайдың гүлін теңдей алып, тұнба жасап қан азайғандықты, бүйрек және тамақ ауруларын емдейді. Дәрі жасау үшін өсімдіктің тек гүлдерін ғана жинап алады да, көлеңкеде кептіреді. Кейде жапырағын да жинайды.
Тұнбаны былай жасайды: өсімдіктің 60 грамм гүлін немесе шөбін 3 стақан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, 1 стақаннан 3 рет ішеді.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер