Ақ сүт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақ сүт - ақ түсті саулық малдан сауылып алынған дәмдік, құнарлық, емдік қасиеті жоғары сүттің атауы. Ақ сүт деп аталуы ақ түсті малдан сауылғандықтан осы тағамның құнарлылығы және емдік қасиеті жоғары болады деген дәстүрлі ортадағы түсінікке байланысты болса керек. Ақ ешкінің сүтін анасының омырауы жарыта алмаған немесе жетім қалған балаларга береді. Дәстүрлі түсінікте ақ сүт коптеген ауруларга қарсы шипа деп саналады: ақ ешкінің сүті баланың ит ауруына, мешелдікке, әлсіздікке; ақтүйе мен ақ биенің сүтін көк жөтелге, кеуде сырылдағанда, жөтелге, өкпе ауруларына қолданылды деген мәлімет бар.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақ сүт|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}