Ақ жол (ырым)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ақ жол (ырым). Бұл «ақ жол» емі жаралы адамннан гөрі, төре тұқымынан шыққан қатындарға үлкен сын» (І.Есенберлин).


Бұл ырым бойынша күйеуінің «көзіне шөп салмаған әйел» жаралы адамның үстінен аттап өтсе ауру жазылады. Егер аттаған әйел күнәлі болса ауру табан астында өледі. Жазушы І.Есенберлиннің «Қаһар» романында осы ырым туралы жазылған.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref> Осында:

Жанайдар артық туды жатырынан,
Оқ тиді Жанайдардың балтырынан.
Аттайтын бір де қатын табылмады,
Төрелер түңіліп тұр қатынынан!

деген өлең елге ауыздан ауызға тарап кетіпті. Егер ол əйел күнəсіз болса, денедегі оқ кері шығады деген ұғым болған. Ешбір дəрісіз, құралсыз тек адалдығымен шипагер болғандықтан, əйелдердің бұл емін «ақ жол емі» деп атаған. Автор бұған былай деп түсінік беріп кетеді: «Ақ жол» емі төре тұқымының әйел жыныстысын бозбалашылықтан, ерлерінің көзіне шөп салушылықтан сақтау үшін Абылайдың өзі шығарған ем болатын. («Қаһар»,626 б.). «Ақ жол» ырымы емнен гөрі әйелдің пәктігін сынауға арналған болу керек.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала