Ақ жауып арулап қою

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақ жауып арулап қою - қайтыс болған адамның мэйітін жуып, тазалап ақ кебінге орап жерлеу. Ақ жауып арулау дегендегі арулау «тазарту» деген ұғымды аңғартады. Арулау сөзі түп қазақ тілінде «таза» деген мағынаны білдіретін арығ, ару атауларымен түбірлее. Өлікті ақ түсті матамен орап ақпен жабу рәсімінің көпмәнділік (полисемантикалық) сипаты бар. Этномәдени ұғымның санасында ақ түс тазалықтың, пәктіктің нышаны, адам мәңгілікке «ақ», «таза» болып аттануға тиіс. Сонымен қатар, өлікке ақ жабу «анықтың» ғайып болуы, «бардың» жоққа айналуы дегенге меңзейді. Шәкәрім қажы: «Адам жоқтан пайда болады да, ақырында жоққа айналады. Адам өмірі екі жоқтың арасы», - деген екен.

Шариғат бойынша өлікті арулап ақ жауып болған соң, жаназасы шығарылады. Жаназаға тұрғандардан имам «марқұмның кімге берешегі, борышы бар?» - деп сұрайды. Борышы, қарызы болса, еті жақын адам оны өз мойнына алады. Бұл мәңгілік дүниеге адам «борыш қарызсыз, берешексіз», «таза» аттануға тиіс деген семантиканы аңғартады.

Өлікті жерлеп болған соң «үші» беріледі, кейіннен «жетісі», «қырқы», «жылы» (ас беру) өткізіліп, қабірдің басына белгі қойылады. Мұның бәрі тірінің парызы болып саналады. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде өлікті ардақтап, қастерлеп қоюға, артын күту, ғұрпына ерекше көңіл болу және бұл ғұрыптың сақталуы қоғамдық назарда болады. <ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақ жауып арулап қою|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}