Ақ бұйрықты өлім

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақ бұйрықты өлім - кездейсоқ опат жағдайда емес, жасы жетіп қартайып, өз ажалынан болған қаза. Діни сенім бойынша Алланың бұйрығымен болған, жөнімен келген қаза. Өз ажалымен қайтыс болған «асарын асап, жасарын жасап», артына жақсы өсиет және үлгі-өнеге қалдырып, атаукере, имансуын ішіп, бала-шаға, туыс-туғандарының алдында армансыз көз жұмған жандарга «ақ бүйрықты өлім бұйырған екен» дейді. Яғни ел-жұрт, ауыл-аймағы ішінде құдайдың жіберген ажалы жетіп, дәм-тузы таусылып өлген өлім дегенді білдіреді. Ел аузында өлімнің бұл түрі ақ өлім деп те аталады: <poem>Ер жігіт ақ өліммен өлгенінде, Сыз төсек қара жерге көмгенінде. Жалғыз-ақ сорлы ананы аяймын мен, Ойға алып жақындарын тергенімде.</poem> (С.Сейфуллин).

Ақ бұйрықты өлім немесе ақ өлім деген сөз орамдары әдеби сөз қолданыстарында жиі ұшырасады. Мысалы, кеселді жалқау, қылжақбас, әзір тамақ, әзір ас болып жүріп тірімін деме, онан да Алла берген ақ бұйрықты өлімнің өзі артъық (Абай).<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақ бұйрықты өлім|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}