Ақ бота

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Ақ бота» - «Қазақтелефильм» студиясының 6 бөлімді (бір сағаттық), ақ-қара түсті көркем телефильмі (1968). <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Фильм Манғыстау жерінде түйе өсірудің мән-жайын көрсетеді және осы байырғы кәсіпке қамқорлық керек екені сөз болады. Осы орайдағы проблемалар көтеріледі. Алдымен түйешілердің құлшынысты еңбегі пафосты кадрлармен беріледі. Онан соң шалғай далада жеке отырған малшы ауылдың тұрмысы, тіршілік-тынысы көркем қойылымдық кадрлармен баяндалады. Бірақ жапан түздегі жалғыз үйдің жабырқау тірлігін кинокамера жасыра алмайды.

Режиссері Борис Теткин де сол көмескі бояуды фильмнен алып тастай алмаған. Нәтижеде контрасты монтаж арқылы проблема көрініс береді. Өйткені осы әлеуметтік теңсіздікті Кеңес өкіметі кезінде қозғаудың өзі шеберлікпен жүзеге асатын іс.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}