Ақ болып кетті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақ болып кетті - сауын малының мезгілінен ерте суалуы, сүтінің тартылуы. Оның себебі сан алуан желіннің түрлі аурулары (айталық, ақ болу, топжелін және т.б.) дәстүрлі мал шарушылығындағы бағым-күтімнің бұзылуы мен өріс отының азаюы және т.б. Жаңбыр аз болып, жердің шөбі ерте қурап кетсе, немесе көктемесе, аш саулықтар мезгілінен бұрын суалып, Ақ болып кетеді. Көбіне қой мен ешкіде жиі кездесетін Ақ болып кету малды сауған кезде желінде сартылдаған дыбыс естіледі. Өйткені, желін тым қатайып кетеді. Мал ақ болып кетуді халықтық тәжірибе былайша да түсіндіреді: сүтті байқаусызда жерге төгіп алу, басып кету, сүтті қадірлемеуден де болады-мыс. Сондықтан, төгілген сүтке саусағын тиігізіп, тәу етіп өзінің маңдайына жағады. Мұндай ырымды жасамаған адамның малы ерте ақ болып кетеді және оның салдарынан ондай үйге «ақ құтаймайды», яғни сүт іріп, айраны ашып кететін болады. Ақ болуды қазақ жаман нышанға балаған, яғни сол шаңырақтың ырыздығы азаяды деп ырымдаған.

Ақ болған саулық малдың желінін мәйітті жуған шүберекпен сүрткен және қасқырдың бас сүйегіне сүт тамызған. Егер мүмкіндік болса, қасқырдың көмейіне ақ болған малды сауса тез айығып кетеді деп сенген.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақ болып кетті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}