Ақ Мұстафа қонысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақ Мұстафа – қола дәуірінің қонысы (б. з. б. 14-12 ғғ.). Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылтау ауылының оңтүстік-шығысында 40 км жерде Атасу өзенінің оң жағасында орналасқан.

Көлемі 5 га аумақты алып жатыр. 1976-1981 жылдары Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшілері М.Қ.Қадырбаев, Ж.Құрманқұлов) зерттеген. Дөңгелек пішімді, диаметрі 6-10 метр 49 үй орны сақталған Оның екеуі қола дәуірінің орта кезеңінен ( б. з. б. 14-12 ғ.), біреуі соңғы кезеңінен қалған (б. з. б. 12-11 ғ.). Қоныс тұрғындары негізінен мыс балқытып, егін егіп, мал баққан. Осы кәсіпке байланысты мыс балқытқан пеш, дән үккіш, жер қопсытатын тас кетпендер, мыс шаппа шот (кельт), қола пышақ, тері илеп, жүн түтетін сүйек құралдар, әсем өрнектелген көзелер, малдың, аңның сүйектері табылды. Қоныс үйлері жартылай жер кепе тәрізді, төрт бұрышты қабырғалары тігінен көмілген бөренелермен бекітілген. Үй ішінде екі-үш ашық және тас ошақтар бар. Қола дәуірінің соңғы кезеңіндегі үйлер дөңгелек пішінді, киіз үй сияқты құрастырмалы болған. Ол, осы кезеңде мал басының көбейіп, жартылай көшпелі мал шаруашылығының үстем болғанын байқатады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}