Аққұм (құмды алқап)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Аққұм — Орал алды үстіртінің оңтүстігіндегі құмды алқап. Ақтөбе облысының Қандыағаш ауданындағы, Темір өзенңнің сол жағалауында, теңіз деңгейінен 200-220 м биіктікте орналасқан. Ұзындығы 23 км, ені 6 км. Аққұмның жер бедері төбешікті келеді. Құм беткейлері жусан (шағыр), қияқ, қау, көде, бетеге, жүзгін т.б. шөптермен бекіген ызалы суы жақын жатқан ойлауытты жерлерінде қамыс, тал шоғырлары өседі. Мал жайылымына қолайлы.