Аққұла (дәстүр)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Аққұла - ертедегі егін егетін елдің бұлжымас дәстүрі болған екен. Қазір мүлде ұмытылған. Бұрын әр егінші өзіне қажетті дәнін сеуіп болғаннан кейін әдейі қалдырылған жерге тағы да бөлек дән себетін болған. Ол “Аққұла” деп аталатын болған. Бұл қазақшаға аударғанда “құдай несібесі” немесе “құдай сыбағасы” деген сөз екен. “Аққұла” өсіп, жиналғаннан кейін жетім-жесірлерге, қайыршыларға және дін жолындағы адамдарға үлестірілген. Бұл елдік дәстүрден қазақ халқының әр шаруашылық иелері тек өзінің ғана емес, жағдайы төмен кедей-кепшіктер де ұмытпағанын, зор адамгершілік міндеттер атқарғанын көруге болады.<ref>Қазақ халқының салт-дәстүрлері кітабы, Атамұра 2011ж.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер