Аққұйрық шай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аққұйрық шай - хош иісті жоғары сапалы көк шай, қазақ дастарқанында өзіндік рәсімі бар сыйлы тағам, кейбір халықтардағыдай шай жалаң өзі берілмейді, оған өрік, мейіз, науат, жент сияқты тойбасар тағамдар ілесе жүреді. Шай әдетте еттің соңынан беріледі. Әңгіме-дүкен, келелі кеңес көбіне ет үстінде емес, шай дастарқанында айтылады. Мұндайда бабымен әзірленген хош иісті мәміле шай кейде пәміл шай деп те аталады. Мұндай шайдын қасиеті көркем сөз кестесінде бейнеленген. Мысалы: <poem>Хош иісі жадыратып көңіл ашқан, Аққұйрық мәмілелі шайда жатыр. Гүл шашақ, жасыл жайлауында, Көңілім ел қонбаған сайда жатыр</poem> (Біржан сал).

«Түркістан уәлаяты» газетіндегі кейбір дерекке Карағанда, шайдың аққұлақтан басқа да асар есе, қари қамын, кантун, тақта шай тәрізді т.б. түрлері қазақтың шай дастарқанынан орын алған («шай саудасы тәуір бола ды. Асар кесе, қара қамын, кантун шайының саудасы екі пұты жетпіс алты сом, сексен жеті сом қырық тиынға жетті. Тоқта шайының пұты тоқсан сегіз сом сексен тиыннан болды. Көк шайдың ақ құйрық дегені екі жүз жирма сомнан сандығы сатылды»).<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аққұйрық шай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}